Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 23/4 "Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерiне жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 8 шілдедегі № 44/11 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 шілдеде № 6447 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 07.10.2020 № 48/15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерiне жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 23/4 шешіміне (2018 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4877 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімінің қосымшасында:

      7-тармақта "мекенжай анықтамасын" сөздері алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихат сессиясының төрағасы
В.Притчин
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
В.Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады