Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 07.10.2020 № 48/15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін жіберуді;
3) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы шешім оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап күшiне енедi және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қарым-қатынастарға қолданылады.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың ХХШ сессиясының төрағасы |
Р. Әбдірахманова |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы |
В. Бубенко |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 30 шілдедегі № 23/4 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерiне жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
1. Жалпы ереже
1. Осы Тәртіп "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының негізінде әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерiне жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2. Ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина қызметкері (бұдан әрі - қызметкер) – ауылдық жерге жұмыс істеу үшін жолданған, жоғары медициналық білім алған, маманның тиісті сертификаты бар жеке тұлға.
3. Ауылдық жерге жұмысқа жіберілген фармацевтика қызметкері (бұдан әрі - қызметкер) – ауылдық жерге жұмыс істеу үшін жолданған, жоғары фармацевтикалық білім алған, маманның тиісті сертификаты бар жеке тұлға.
4. Әлеуметтiк қолдау көрсету жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) – "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
5. Жұмыс берушi - медицина және фармацевтика қызметкерiмен жеке еңбек шартын жасасқан, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы.
Ескерту. 5-тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 10.09.2018 № 24/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткең соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
6. Жұмыс берушiмен жеке еңбек шарты жасалған күннен бастап алғашқы бес жыл iшiнде еңбек мiндеттерiн орындап жүрген қызметкер әлеуметтiк қолдау алу құқығына ие болады.
7. Қызметкер әлеуметтiк қолдау алу үшін әлеуметтік қолдау көрсету жөнiндегi уәкiлеттi органына жеке куәлігінің көшірмесін, жоғары білім туралы дипломының көшірмесін, еңбек кітапшасының көшірмесін, мемлекеттік медицина ұйымына жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, 3х4 фото (2 дана) ұсынады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының 08.07.2020 № 44/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.8. Әлеуметтік қолдау 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге көлеміндегі бір реттік өтемақыдан тұрады.
9. Бір реттік өтемақы қызметкермен еңбек шарты жасалғаннан кейін оның өтінішінің негізінде екінші деңгейлі банкте ашылған есептік шотына аудару арқылы төленеді. Қызметкерге әлеуметтік қолдау облыстық бюджеттің қаражаты есебінен көрсетіледі.
10. Уәкiлеттi орган денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында:
1) жыл сайын ауылдық жерге қажетті медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша сұранысқа талдау жүргізеді;
2) қызметкерден өтiнiш және олардың бiлiктiлiгiн, оған қоса жұмыс орны бойынша тұрғын үйге деген мұқтаждығын растайтын құжаттарын қабылдайды;
3) әлеуметтiк қолдауға мұқтаж қызметкерлердiң тiзiмiн жасайды;
4) ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген қызметкерлерге әлеуметтiк қолдау көрсету мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi.
Ескерту. 10-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 10.09.2018 № 24/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткең соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.11. Уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша жұмыс берушi Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң талаптарына сәйкес қызметкермен еңбек шартына отырады.
12. Қызметкермен еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс берушi бұл туралы 10 жұмыс күнінен кешiктiрмей уәкiлеттi органға хабарлауы қажет.
13. Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған кезде алдында төленген ақша қаражаттарын қайтару еңбек шартында қарастырылады.