Карантинді тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 320 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 қарашада № 6701 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелді) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 8-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, "Карантинді алып тастау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 01-04/1189 ұсынымы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Құс тұмауы ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты мына елді мекендерде карантин тоқтатылсын:

      Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округінің Бескөл ауылы;

      Қызылжар ауданы Лесной ауылдық округінің Глубокое ауылы;

      Қызылжар ауданы Лесной ауылдық округінің Пресновка ауылы.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Карантин белгілеу туралы" 2020 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 қаулысы (2020 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6539 болып тіркелді) қосымшасының 20, 22, 27 - тармақтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі К. Аксакалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады