Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №88 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 19 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 ақпанда № 5991 болып тiркелдi. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 6 ақпандағы № 23 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы әкімдігінің 06.02.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 1 тармағының 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Заңының 37-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 88 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (2019 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5352 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданының әкімі
Р. Елубаев

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2020 жылы 6 ақпаны № 19 қаулысана қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2019 жылы 15 сәуірдегі № 88 қаулысана қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

"Орман" жеке кәсіпкері

3

33

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады