Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және үйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2020 жылғы 15 қазандағы № 42-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 қазанда № 6594 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданы мәслихатының
      XLII сессиясының торағасы Т.Рамазанов
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Аққайың ауданы мәслихатының
      хатшысы С.Муканов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Аққайың ауданы мәслихатының
  2020 жылғы 15 қазандағы
  № 42-3 шешіміне
  1- қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары:

      1) Смирнов ауылы, 9 Май көшесі, Горький - 9 Май көшелерінің қиылысындағы алаң. Шекті толтыру нормасы - 150 адам.

      2) Смирнов ауылы, Суворов көшесі, Суворов - Титов көшелерінің қиылысындағы алаң. Шекті толтыру нормасы - 50 адам.

      3) Смирнов ауылы, 25 лет Целины - 9 Май көшелерінің қиылысынан Горький - 9 Май көшелерінің қиылысына дейін жол жүру бағыты. Шекті толтыру нормасы - 150 адам. Маршруттың ұзындығы 0,7 шақырым.

      4) Смирнов ауылы, Суворов - Мира көшелерінің қиылысынан Суворов көшесінің бойымен Титов - Суворов көшелерінің қиылысына дейінгі жол. Шекті толтыру нормасы - 50 адам. Маршруттың ұзындығы 0,5 шақырым.

      2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі.

      Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде, дәл сол бір уақытта, дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.

      Төтенше соғыс, жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезінде олардың қолданылу кезеңінде мамандандырылған жерлерде бейбіт жиналыстар өткізу Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы "Төтенше жағдай туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы "Соғыс жағдайы туралы" Заңында және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектелуі мүмкін.

      Бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланған кезде ұйымдастырушы және қатысушылар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңның 5 және 6-баптарының (бұдан әрі – Заң) талаптарын сақтау қажет.

      Осы тәртіппен реттелмейтін қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

      3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.

      Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      Қоғамдық қауіпсіздікті, медициналық, өрт сөндіру және өзге де қауіпсіздік қызметтерін қамтамасыз ету шаралары мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Аққайың ауданы мәслихатының
  2020 жылғы 15 қазандағы
  № 42-3 шешіміне
  2- қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы аумағында іргелес аумақтардың шекарасынан 400 метрден жақын емес пикет жүргізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады