"Айыртау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Айыртау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 6-9-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 6-39-15 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 наурызда № 6080 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мəслихатының 2020 жылғы 25 қарашадағы № 6- 47-17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 25.11.2020 № 6-47-17 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Айыртау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Айыртау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 6-9-1 шешіміне (2017 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4147 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында (бұдан әрі – қағидалар):

      жоғарыда көрсетілген қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Айыртау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары";

      қазақ тіліндегі қағидалардың тақырыбы өзгертусіз қалдырылсын;

      16-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

      қағидалардың 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 5 ақпаннан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихаты
XXXIX сессиясының төрағасы
Б.Кусаинов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Жанахметов

      КЕЛІСІЛДІ

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      ___________________ Қ.Ақсақалов

      " " _________ 2020 жыл

  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпаны № 6-39-15 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 6-9-1 шешіміне 1 қосымша

Атаулы күндер мен, мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

р/б

Атаулы күндердің, мереке күндерінің және әлеуметтік көмек алушылар санаттарының атауы

Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні

1

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің Ауғанстанда уақытша болған және совет әскерлерінің шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшілері.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

5

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

6

1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қиымлдары жүріп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

1

"Алтын алқа", "Күміс алқа", I, II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналар.

Жылына 1 рет – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш

2

Құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

26 сәуір – "Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні"

1

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радияциялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық септік көрсеткіш

2

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлімі белгіленген тәртіппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ азаматтардың отбасы.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациалық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

4

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

5

1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

7 мамыр – Отан қорғаушы күні

1

Бейбіт уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы.

Жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

9 мамыр – Жеңіс күні

1

Әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз) мың теңге

2

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдар.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз) мың теңге

3

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз) мың теңге

4

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда болған адамдар.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз) мың теңге

5

Екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған , жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдері (күйеулері).

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 30000 (отыз) мың теңге

6

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссриаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың опертивтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз) мың теңге

7

Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелді қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер,сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз) мың теңге

8

Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 60000 (алпыс) мың теңге

9

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 30000 (отыз) мың теңге

10

1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен медальдармен марапатталмаған адамдар.

2020 жылдың 9 маусымына 30000 (отыз) мың теңге

11

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болғандар.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз) мың теңге

12

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 30000 (отыз) мың теңге

13

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 300000 (үш жүз) мың теңге

14

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңдме Украин Кеңестік Социалистік Республикасы, Беларусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латыш Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстон Кеңестік Социалистік Республикасы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдік батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет міндетін атқаруға кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар.

2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда, жылына 1 рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
2020 жылғы 9 мамырға 60000 (алпыс) мың теңге

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

1

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесінде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары.

Жылына 1 рет – 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағында саяси қуғын-сүргінге дерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын тұлғалар.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi:
а) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;
г) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар
Одағының Iшкi iстер халық комиссариаты-Мемлекет Қауiпсiздiгi министрлiгi-Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар.

Жылына 1 рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

1

Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесіне ие зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) "Құрметті азаматтары".

Жылына 1 рет – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады