Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 - бабының 7- тармағына, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 392 қаулысына (2017 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4451 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айыртау ауданының әкімі |
Д. Амрин |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасы
№ п/п | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санының %) | Жұмыс орындарының нақты квотасы | Жұмыс істейтін мүгедектер саны | Жұмыс орындарына бекітілген квота |
1 | "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Елецкий орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 2% | 1 | 0 | 1 |
2 | "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Айыртау аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 257 | 4% | 10 | 9 | 1 |