Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 қаңтарда № 31550 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік теркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Айыртау ауданының әкімі Е. Бекшенов

  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 4 қаңтардағы
  № 1 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 392 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4451 болып тіркелген).

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 163 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4790 болып тіркелген).

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 112 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 163 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5371 болып тіркелген).

      4. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 111 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 392 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5386 болып тіркелген).

      5. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 80 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 392 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6143 болып тіркелген).

      6. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 114 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 163 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6288 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады