Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекiту туралы" 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес (2016 жылғы 28 шілдеде №14010 Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Тастеміров |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 392 қаулысына қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 25.04.2019 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы əкімдігінің 02.04.2020 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
№ п/п | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санының %) | Жұмыс орындарының нақты квотасы | Жұмыс істейтін мүгедектер саны | Жұмыс орындарына бекітілген квота |
1 | "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Елецкий орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 2% | 1 | 0 | 1 |
2 | "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Айыртау аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 257 | 4% | 10 | 9 | 1 |