Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 04.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 - бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 - бабының 7 - тармағына, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 163 қаулысына (2018 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің элоктрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4790 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Д.Амрин |
Айыртау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 сәуірі № 114 Қаулысына қосымша | |
Айыртау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 392 қаулысына қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ п/п | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің сандық тізімі | Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санының %) | Жұмыс орындарына белгіленген квота |
1 | "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Айыртау аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 257 | 0,5 % | 1 |