Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 10-3 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2020 жылғы 3 тамыздағы № 64-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 тамызда № 6481 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 9-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 13.10.2023 № 9-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 3 наурыздағы № 10-3 шешіміне (2017 жылғы 10 сәуірде "Есіл өңірі", "Новости Приишимья" аудандық газеттерінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4121 болып тіркелді) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін анықтау және тізбесін белгілеу қағидаларында:

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 17-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіпте көрсетіледі.";

      17-1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын :

      "17-1. Осы Қағидалардың 3-қосымшасының 20) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша әлеуметтік көмек, жеке тұрғын үй салуға сүрек түбірі құнының 50 (елу) пайыз мөлшерінде өтініш иесіне төлем түрінде бір рет көрсетіледі.";

      17-2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "17-2. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 21) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 2 (екі) есе ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.";

      Қағидалардың 1, 3-қосымшалары тиісінше осы шешімнің 1, 2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
      мәслихатының сессиясының төрағасы Н.Синдякина
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
      мәслихатының хатшысы Е.Адильбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      ____________________ Қ. Ақсақалов

      2020 жылғы "__" _______________

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  ауданы мәслихаты
  2020 жылғы 3 тамызы
  № 64-3 шешіміне
  1- қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін анықтау және тізбесін белгілеу қағидаларына
  1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

№ р/н

Әлеуметтік көмек алушылар санаттарына атаулы күндер және мереке күндерінің атауы

Әлеуметтік көмектің еселігі және мөлшері

1

2

3

15 ақпан – "Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні"

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе басқа ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міңдетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Басқа елдерде іс-қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерді ұрыс қимылдары кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

5

1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүріп жатқан басқа да мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

6

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің Ауғанстанда уақытша болған және кеңес әскерлерінің шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшілері.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

8 наурыз – "Халықаралық әйелдер күні"

1

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар.

Жылына 1 рет
10 (он) айлық есептік көрсеткіш

2

Құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы отбасылар

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

26 сәуір – "Чернобыль атом электростанциясындағы апатты еске алу күні"

1

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әсери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдар.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар мен ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебімен мүгедектігі тектік байланыстағы олардың балалары.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәулелену ауруы салдарынан қайтыс болғандардың, немесе өлімі белгіленген тәртіппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ азаматтардың отбасы.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

5

1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні құрсағындағы жатқан балаларды қоса алғанда.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

7 мамыр – "Отан қорғаушылар күні"

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

9 мамыр – "Жеңіс күні"

1

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.

Жылына 1 рет
100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш

2

Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелді қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымда болған Кеңес Армиясының, Әскери – Теңіз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, немесе тиісті кезеңде қорғанысына қатысу 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына есептелетін қалаларда болған адамдар.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болғандар.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

5

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдар.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

6

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсiбi комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың жедел іс-қимыл жасау аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бастапқы кезінде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелері.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

7

Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған адамдар.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

8

Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

9

Әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

10

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Украин Кеңестік Социалистік Республикасы, Беларусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латвия Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстон Кеңестік Социалистік Республикасы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы жауды жоюшы батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлермен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет міндетін атқаруға кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

11

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

12

Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы).

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

13

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар.

Жылына 1 рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні"

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамдар.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында өздеріне қуғын-сүргіндер қолданылғанға дейін тұрақты өмір сүрген адамдар мына төмеңдегі жағдайларда танылады:
а) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (жай адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндердің қолдануы;
г) қуғын-сүргіндерді орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер халық комиссариаты – Мемлекеттік Қауіпсіздігі министрлігі – Ішкі істер министрлігі жанындағы айрықша кеңестің, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешімдері бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының құжаттары негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқығына қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар да танылады.

Жылына 1 рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары танылады.

Жылына 1 рет
7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш

30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні"

1

Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары.

Жылына 1 рет
10 (он) айлық есептік көрсеткіш

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  ауданы мәслихаты
  2020 жылғы 3 тамызы
  № 64-3 шешіміне
  2- қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету
  мөлшерлерін анықтау және тізбесін белгілеу қағидаларына
  3-қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі

      1) жетiмдiк;

      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;

      4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      5) туғанынан үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық дамуы мүмкiндiктерiнiң шектелуi;

      6) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуы;

      7) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінiң шектелу;

      8) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмау;

      9) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгез қарым-қатынас;

      10) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);

      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;

      12) пробация қызметінің есебінде болуы;

      13) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру;

      14) Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша күнкөріс деңгейіне қарай бергі шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      15) Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің тіс протездеуге мұқтаждығы;

      16) Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің Қазақстан Республикасының санаторийлері мен профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;

      17) Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін ай сайынғы өтемақыға мұқтаждығы;

      18) амбулаториялық емдеуде жатқан туберкулездің белсенді түрімен ауыратын тұлғалардың мұқтаждығы;

      19) Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген ардагерлердің, "Ардагерлер туралы" Заң күші қолданылатын басқа да адамдардың, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккен адамдардың, жалпы аурудан 1, 2, 3 топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, сондай-ақ мүгедек балаларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол (плацкарттық вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа), көрсетілген көлік құралдарының бір түрімен жөнелту станциясынан ауруханаға жатқызу орнына дейін және кері алып жүретін азаматтардың мұқтаждығы;

      20) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 8-бабының 1-тармағында көрсетілген Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне, сондай-ақ қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына жеке тұрғын үй құрылысы үшін 40 (қырық) тығыз текше метрден аспайтын көлемде өсіп тұрған сүректі босатуға мұқтаждығы;

      21) балаларда адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған инфекцияның болуы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады