Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 2-7-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "2020-2022 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Торанғұл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 45/281 шешіміне (2020 жылдың 23 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5976 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1. 2020-2022 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Торанғұл ауылдық округінің бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 15 652 мың теңге:
салықтық түсімдер 1 623 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 179 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0 мың теңге;
трансферттер түсімі 13 850 мың теңге;
2) шығындар 15 652 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті ) 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 0 мың теңге:
қарыздар түсімі 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 мың теңге.";
4-1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"4-1. 2020 жылға арналған Торанғұл ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттердің көлемі жалпы 30 мың теңге көлемінде қарастырылсын, соның ішінде:
жолдардың ағымдағы жөндеуі мен абаттандыруға сметалық есептерді әзірлеуге;
Аудандық бюджеттің аталған нысаналы ағымдағы трансферттерін бөлу "2020-2022 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Торанғұл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Торанғұл ауылдық округі әкімінің шешімімен анықталады.";
4-2 тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"4-2. 2020 жылға арналған Торанғұл ауылдық округінің бюджетінде облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттердің көлемі жалпы 1 120 мың теңге көлемінде қарастырылсын, соның ішінде:
Торанғұл ауылдық округінің Торанғұл ауылындағы көше жарығының ағымдағы жөндеулеріне.
Облыстық бюджеттің аталған нысаналы ағымдағы трансферттерін бөлу "2020-2022 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Торанғұл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Торанғұл ауылдық округі әкімінің шешімімен анықталады.";
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты сессиясының төрағасы |
К.Абулгазин |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының хатшысы |
А.Бектасова |
2020 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Торанғұл ауылдық округінің бюджеті
Санаты | Сыныбы | Кіші сыныбы | Атауы | 2020 жыл сомасы (мың теңге) |
1) Кірістер | 15 652 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 1 623 | ||
01 | Табыс салығы | 68 | ||
2 | Жеке табыс салығы | 68 | ||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 1 555 | ||
3 | Жер салығы | 753 | ||
4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 802 | ||
2 | Салық салынбайтын түсімдер | 179 | ||
06 | Басқадай салынбайтын түсімдер | 179 | ||
1 | Басқадай салынбайтын түсімдер | 179 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 13 850 | ||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 13 850 | ||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 13 850 | ||
Функцио-налдық топ | Бюд-жеттік бағдар-лама-лардың әкімшісі | Бағдар-лама | Атауы | 2020 жыл сомасы (мың теңге) |
2) Шығындар | 15 652 | |||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 13 157 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 13 157 | ||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 13 157 | ||
04 | Білім беру | 1 125 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 1 125 | ||
005 | Ауылдық жерлерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру | 1 125 | ||
07 | Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық | 1 370 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 1 370 | ||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 1 120 | ||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 250 | ||
3) Таза бюджеттік кредиттеу | 0 | |||
Бюджеттік кредиттер | 0 | |||
Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0 | |||
4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо | 0 | |||
Қаржы активтерін сатып алу | 0 | |||
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0 | |||
5) Бюджет тапшылығы (профициті) | 0 | |||
6) Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 0 | |||
7 | Қарыздар түсімдері | 0 | ||
16 | Қарыздарды өтеу | 0 | ||
Санаты | Сыныбы | Кіші сыныбы | Атауы | 2020 жыл сомасы (мың теңге) |
8 | Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 0 | ||
01 | Бюджет қаражаты қалдықтары | 0 | ||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 0 |