Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 шілдедегі № 16 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 шілдеде № 6465 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 67 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 22.12.2020 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушысының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 10-14/108 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің Бірлік ауылында орналасқан "Есілсельхозпродукт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Ернар" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі О. Конкабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады