Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 ақпандағы № 37 "Аудан бюджетінің қаражаты есебінен қамтылған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 192 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 қыркүйекте № 6522 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің "Аудан бюджетінің қаражаты есебінен қамтылған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 9 ақпандағы № 37 қаулысының (2017 жылғы 17 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4087 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Ескендиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады