2020 жылы Қызылжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 ақпандағы № 50/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 ақпанда № 5997 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 59/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 22.12.2020 № 59/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылжар ауданы әкімі мәлімдеген қажеттілікті ескере отырып, Қызылжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ұсынылсын:

      1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

      2. Осы шешімнің 1 тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтістүк Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Е. Габдулин
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Молдахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады