Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 26/10 "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Налобино ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар және көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 51/9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 наурызда № 6108 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2022 жылғы 4 наурыздағы № 12/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 04.03.2022 № 12/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Налобино ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар және көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 26/10 шешіміне (2014 жылы 30 мамырда "Қызылжар", "Маяк" газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2791 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтістүк Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
С.Оралұлы
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихатының хатшысы
А.Молдахметова

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурызы № 51/9 Шешіміне қосымша
  2014 жылғы 22 сәуірі № 26/10 Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Налобино ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысатын ауылдар және көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің ауылдар және көшелер атауы

Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар және көшелер тұрғындар өкілдерінің саны (адамдар)

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Налобино ауылдық округінің Николаевка ауылының тұрғындарына

4

Налобино ауылының Абылай хан көшесі

48

Налобино ауылының Лесная көшесі

11

Налобино ауылының Астана көшесі

32

Налобино ауылының Новая көшесі

8

Налобино ауылының Құлсары батыр көшесі

30

Налобино ауылының Аэропортовская көшесі

21

Налобино ауылының Специалистов көшесі

9

Налобино ауылының Молодежная көшесі

22

Налобино ауылының Республика көшесі

13

Дубровное ауылының Центральная көшесі

29

Дубровное ауылының Береговая көшесі

20

Гайдуково ауылының Бейбітшілік көшесі

11

Гайдуково ауылының Степная көшесі

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады