Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген схемалық картаға сәйкес, Якорь ауылдық округі Якорь ауылының жаңа шекарасының (шегінің) аумағы 158 гектарға кеңейтіліп, Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округі Якорь ауылының шекарасы (шегі) жалпы көлемі 20 905 гектар болып өзгертілсін.
2. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округінің Якорь ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы схемалық карта
КЕЛІСІЛДІ
Қызылжар ауданының әкімі Ж.Ғ. Сәдуақасов
Қызылжар аудандық мәслихатының хатшысы А.А. Молдахметова
Якорь ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы В.В. Тихий
Қызылжар аудандық сәулет, Қ.Ө. Әмрин құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Қызылжар аудандық жер К.Қ.Төрежано қатынастары бөлімінің басшысы