Атауы жоқ көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 28 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 қарашада № 6626 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Плоское ауылы халқының пікірін ескере отырып, Асаново ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қосымша берілген схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің Плоское ауылындағы атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      №1 атауы жоқ көше – Ерлік көшесі;

      №2 атауы жоқ көше - Орталық көшесі;

      №3 атауы жоқ көше - Мағжан Жұмабаев көшесі;

      №4 атауы жоқ көше – Бірлік көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Асаново ауылдық округінің
әкімі
С.Казеев

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар ауданы Асаново
  ауылдық округі әкімінің
  2020 жылғы 3 қарашасы
  № 28 шешіміне
  қосымша

Асаново ауылдық округінің Плоское ауылындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы схемалық карта

     


      Асаново ауылдық округінің әкімі С.Қазеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады