Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округінің Измайловка ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 14 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 наурызда № 6057 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 22 қазандағы қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Измайловка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Петерфельд ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округінің Измайловка ауылындағы атауы жоқ көшеге келесі атау берілсін:

      атауы жоқ көше - Астана көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Петерфельд ауылдық
округі әкімінің
міндетін атқарушы
К.Имамутдинова

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 ақпаны № 14 шешіміне қосымша

Петерфельд ауылдық округінің Измайловка ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы схемалық карта

     


      Петерфельд ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Қ.Имамутдинова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады