Атауы жоқ көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 ақпанда № 5994 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 22 қазандағы қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольское ауылы халқының пікірін ескере отырып, Светлопольск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі Новоникольское ауылынның атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      №1 атауы жоқ көше – Мектеп көшесі;

      №2 атауы жоқ көше – Береке көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Светлопольск ауылдық
округінің әкімі
М.Жакаева

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 ақпаны № 2 шешіміне қосымша

Светлопольск ауылдық округі Новоникольское ауылының атауы жоқ көшелеріне атаулар беру бойынша схемалық карта

     


      Светлопольск ауылдық округінің әкімі М. Жақаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады