Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 36 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 қазанда № 6609 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 41 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі әкімінің 07.12.2020 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 26 қазандағы № 01-10/205 ұсынысы негізінде, Соколов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округінің Соколовка ауылындағы Приишимская көшесіне жұқпалы құс тұмауы ауруының пайда болу жағдайына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Қызылжар ауданы
      Соколов ауылдық округінің әкімі А.Сеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады