Карантинді тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 41 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 желтоқсанда № 6769 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 16 қарашадағы № 01-10/229 ұсынысы негізінде, Соколов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округінің Соколовка ауылында Приишимская көшесіне құс тұмауы ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты карантин тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2020 жылғы 28 қазандағы № 36 шешімінің (2020 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6609 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Соколов ауылдық округінің әкімі
А.Сеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады