"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 08 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудан әкімімен мәлімделген қажеттілікті есепке ала отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылы:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.
2. Осы шешімнің 1-тармағындағы 1) және 2) тармақшалардың күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына да қолданылады.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы |
Ж. Хайдарова |
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының хатшысы |
Т. Абильмажинов |