Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 14.02.2022 № 11-3 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 360 және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 27/7 "Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Надежка ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынында қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-28 шешіміне (2014 жылғы 7 ақпанда "Мағжан жұлдызы" және "Вести" аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2539 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Ноғайбай би ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің барлық мәтіні бойынша және Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларында, сонымен қатар Қағидалардың тақырыбында "Надежка ауылдық округі", "Надежка ауылдық округінің" сөздері "Ноғайбай би ауылдық округі", "Ноғайбай би ауылдық округінің" сөздеріне ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы |
Ж. Хайдарова |
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының хатшысы |
Т. Абильмажинов |
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Ноғайбай би ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Ноғайбай би ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Надежка ауылының тұрғындары үшін | 41 |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Бинаш ауылының тұрғындары үшін | 14 |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Дүйсеке ауылының тұрғындары үшін | 10 |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Еремеевка ауылының тұрғындары үшін | 12 |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды ауылының тұрғындары үшін | 52 |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Ноғайбай ауылының тұрғындары үшін | 5 |