Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 284 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 қарашада № 6720 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 28 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы əкімдігінің 16.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 3- тармағымен.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталау қағидаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасарына С.М. Әріпханға жүктелсін.

      3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2021 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Омаров

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мағжан Жұмабаев
  ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 20 қарашасы
  № 284 қаулысына
  1-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері (%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

Жеке кәсіпкер "Оптовик"

7

1%

1

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мағжан Жұмабаев
  ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 20 қарашасы
  № 284 қаулысына
  2-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері (%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

"Азия wood's" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

29

1%

1

"Тың Жер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

57

1%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады