Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 156 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 59 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 наурызда № 6126 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 53 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 18.03.2021 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2018 жылғы 30 мамырдағы № 156 қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 маусымда жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4765 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының әкімі
Р. Анбаев

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 наурызы № 59 Қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 156 қаулысына қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы

Ұйымдардың атауы

Жұмысшылардың тізім бойынша саны (адам)

Жұмысшылардың тізім бойынша санынан квотаның мөлшері (пайыз бойынша)

Белгіленген квота бойынша жұмыс орындарының саны (адам)

"СМ спецтехника" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

6

16,7 %

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады