Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 18.03.2021 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 7) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары А.К. Рамазановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Сыздықов |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 156 қаулысына қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 26.04.2019 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы əкімдігінің 19.03.2020 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Ұйымдардың атауы | Жұмысшылардың тізім бойынша саны (адам) | Жұмысшылардың тізім бойынша санынан квотаның мөлшері (пайыз бойынша) | Белгіленген квота бойынша жұмыс орындарының саны (адам) |
"СМ спецтехника" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 6 | 16,7 % | 1 |