Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 42/7 "2020-2022 жылдарға арналған Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 45/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 сәуірде № 6226 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-7-тармағына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "2020-2022 жылдарға арналған Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 42/7 шешіміне (2020 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5890 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 11 496 мың теңге:

      салықтық түсімдер – 2 397 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

      трансферттер түсімі – 9 099 мың теңге;

      2) шығындар – 11 496 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 8 487,6 мың теңге:

      бюджеттік кредиттер – 8 487,6 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

      қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – -8 487,6 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 8 487,6 мың теңге, оның ішінде:

      қарыздар түсімі – 8 487,6 мың теңге;

      қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Ауылдық бюджетте Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін ішкі қарыздар есебінен 8 487,6 мың теңге сомасында – Докучаев ауылындағы су құбырының су тарату желісін ағымдағы жөндеуге есепке алынсын.";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы А.Приходько
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С.Мустафин

  Тимирязев аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 14 сәуірі
  № 45/2 шешіміне
  қосымша
  Тимирязев аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 8 қаңтардағы
  № 42/7 шешіміне
  1-қосымша

2020 жылға арналған Докучаев ауылдық округінің бюджеті

Санаты

Сыныбы

Кіші сыныбы

Атауы

Сомасы (мың теңге)




1) Кірістер

11 496

1



Салықтық түсімдер

2 397


01


Табыс салығы

714



2

Жеке табыс салығы

714


04


Меншікке салынатын салықтар

162



1

Мүлiкке салынатын салықтар

76



3

Жер салығы

86



4

Көлiк құралдарына салынатын салық

1 521

4



Трансферттердің түсімдері

9 099


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

9 099



3

Аудандардың (облыстык маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

9 099

Функционалдық топ

Бюджеттік бағдарламалардыңәкімшісі

Бағдарлама

Атауы

Сомасы (мың теңге)




2) Шығындар

11 496

1



Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

9 213


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

9 213



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

9 213

7



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

190


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

190



008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

120



011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

70

8



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

1 943


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

1 943



006

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау

1 943

12



Көлік және коммуникация

150


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

150



013

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда,кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

150




3) Таза бюджеттік кредиттеу

8 487,6




Бюджеттік кредиттер

8 487,6

7



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

8 487,6


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

8 487,6



014

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

8 487,6




4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

0




5) Бюджет тапшылығы (профицитi)

8 487,6




6) Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

8 487,6

Санаты

Сыныбы

Кіші сыныбы

Атауы

Сомасы (мың теңге)

7



Қарыздар түсімі

8 487,6


01


Мемлекеттік ішкі қарыздар

8 487,6



2

Қарыз шарттары

8 487,6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады