Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 48/7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 6548 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2022 жылғы 3 наурыздағы № 10/10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 03.03.2022 № 10/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградовский ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/4 шешімінің (2014 жылғы 23 сәуірде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2627 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы М.Иванова
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы С.Мустафин

  Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 қыркүйегі № 48/7 шешімімен
  бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округі Белоградовка ауылының тұрғындары бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің аумағындағы Белоградовка ауылының тұрғындары бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық "Көтерілген тың", "Нива" газеттері арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округі Белоградовка ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округі Белоградовка ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің Белоградовка ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округінің Белоградовка ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

  Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 қыркүйегі № 48/7 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округі Белоградовка ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округі Белоградовка ауылының тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округі Белоградовка ауылының тұрғындары үшін

20


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады