Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округі əкімінің 30.10.2020 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2020 жылғы 21 мамырдағы № 15-12/50 ұсынысы негізінде, Дмитриев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округі Дмитриевка ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Т. Ислямов |