Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 15 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қазанда № 6624 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Тимирязев ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 06 қазандағы № 15-12/116 ұсынысы негізінде, Дмитриев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округінің Дмитриевка ауылы аумағында ірі қара мал арасындағы бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриев ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 18 маусымдағы № 6 шешімінің (2020 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6367 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Т.Ислямов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады