Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Шал ақын ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор міндетін атқарушысының 2020 жылғы 13 тамызындағы №20-34/370 ұсынысы негізінде, Сухорабовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сухорабовка ауылдық округінің Сухорабовка ауылынның аумағында ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының аяқталуына байланысты, шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сухорабовка ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 27 мамырындағы №3 шешімінің (2020 жылғы 1 мауысымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №6322 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сухорабовка ауылдық | |
округінің әкімі | А. Марченко |