Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сухорабовка ауылдық округі әкімінің 22.10.2020 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасы сәйкес, Шал ақын ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 20-34/164 ұсынысы негізінде, Сухорабовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сухорабовка ауылдық округінің Сухорабовка ауылында ірі қара малдарда бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сухорабовка ауылдық округінің әкімі |
А. Марченко |