Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 24.05.2022 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және Атырау қалалық әкімдігінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 505 "Атырау қалалық әкімдігінің 2020 жылғы 4 маусымдағы № 1091 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысын қарап, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қаласы Мәслихатының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 506 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4695 болып тіркелген, 2020 жылы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Өтініш білдірген айдың алдындағы тоқсандағы отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы Атырау облысы бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға (отбасыларға) 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде біржолғы әлеуметтік көмек белгіленсін.";
2) осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес көрсетілген шешімнің 1 және 2 қосымшалары жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау қаласы Мәслихатының әлеуметтік, құқық тәртібі және депутаттық өкілеттілігі салалары бойынша тұрақты комиссиясына (Г. Дүсіпова) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VIII cессия төрағасы | М. Хайруллиев |
Атырау қаласы Мәслихатының хатшысы |
К. Джаумбаев |
Атырау қаласы Мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 56 шешіміне 1-қосымша |
Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімі
1. Келесі негіздер бойынша адамдарға (отбасыларға) табысын есепке алмай 1500 (мың бес жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі шекті мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі:
1) жетімдерге;
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандарға;
3) қадағалаусыз қалған, оның ішінде, девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандарға;
4) арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болған кәмелетке толмағандарға;
5) туғаннан бастап ерте психофизикалық даму мүмкіндіктері шектеулі үш жасқа дейінгі балаларға;
6) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функциялары тұрақты бұзылғандарға;
7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінен шектелгендерге;
8) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтындарға;
9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікке ұшырағандарға;
10) баспанасыздарға (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға);
11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға;
12) пробация қызметінің есебінде болғандарға;
13) барлық топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға;
14) ардагерлерге;
15) аз қамтылған отбасыларға.
2. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап азаматтар 6 (алты) ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіруі мүмкін.
Атырау қаласы Мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 56 шешіміне 2-қосымша |
Коммуналдық қызметтерге әлеуметтік көмек алушылардың санаттарының тізбесі
Коммуналдық қызметтерді өтеуге ай сайынғы әлеуметтік көмек табысы есепке алынбай келесідей санаттағы азаматтарға беріледі:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);
3) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезенде жiберiлген әскери мiндеттiлер;
4) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезенде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;
5) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;
6) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
7) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
8) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
9) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
10) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
11) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;
12) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;
13) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;
14) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлері; екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);
15) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары.
Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
КСР-Кеңестік Социалистік Республикалар