"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қаласы Мәслихатының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 412 "Атырау қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4497 болып тіркелген, 2019 жылы 11 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне (әрі қарай – Шешім) келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) мемлекеттік тілдегі мәтінінде:
шешімнің атауындағы және 1-тармағындағы "жасайтын" деген сөз "істейтін" сөзімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінінде:
шешімнің атауындағы "поддержкой" деген сөз "поддержки" сөзімен ауыстырылсын;
1 тармақта "размера" деген сөз "размер" сөзімен ауыстырылсын.
2) осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мәслихаттың әлеуметтік, құқық тәртібі және депутаттық өкілеттілігі салалары бойынша тұрақты комиссиясына (С. Рахимова) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
LXIV cессия төрағасы | А. Конуспаев |
Атырау қаласы Мәслихатының хатшысы |
А. Зайдуллин |
Атырау қаласы Мәслихатының 2020 жылғы 27 қарашасы № 558 шешіміне қосымша | |
Атырау қаласы Мәслихатының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 412 шешімімен бекітілген |
Атырау қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері
1. Жалпы ережелер
1. Осы қағида "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес жасақталды және Атырау қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі
3. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктердегі жеке (карточкалық) шотының болуын растайтын құжаттың қоса ұсынылуымен денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мемлекеттік ұйымдардың ұсынулары бойынша ауылдық округтер әкімдері бекіткен жиынтық тізімдердің негізінде, алушылардан өтініштер талап етпей көрсетіледі.
4. Әлеуметтік қолдау Атырау қаласының аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.
3. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері
5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.