Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 23 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қаңтарда № 4581 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 26.11.2020 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Атырау қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 07-5/573 хатына сәйкес, Қайыршақты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қайыршақты ауылдық округі, "Jan Adil" шаруа қожалығында мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты аталған шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Ш. Калиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады