Көшеге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы Жем ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 35 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 наурызда № 4623 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 3 тармағына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 6 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Жем ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жем ауылдық округі, Тұрғызба ауылында орналасқан атауы жоқ көшеге "Аққұдық" атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жем ауылдық округінің әкімі Б. Кариев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады