Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 17.02.2021 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсынылып отырған Махамбет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Махамбет ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 307 "Махамбет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3959 санымен тіркелген, 2017 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулыcының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Е. Аманшиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Махамбет ауданының әкімі | Ж. Ахметов |
Аудан әкімдігінің 2020 жылғы "___" _____________№____ қаулысына қосымша |
Махамбет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы айына (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ата-ана төлемақысының мөлшері айына (теңге) | |||
Жергілікті бюджет есебінен | Балабақша | Күніне бір баланың тамағына шығындары, теңге (көп емес) | Айына бір баланың тамағына шығындары, теңге (көп емес) | ||
Бөбек жай | Бақша | Бөбек жай | Бақша | ||
1894 | 27945 | 350 | 400 | 7350 | 8400 |