Махамбет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 307 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қазанда № 3959 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 06.02.2020 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұсынылып отырған Махамбет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. "Махамбет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 341 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3731 болып тіркелген, 2017 жылы 5 қаңтарда "Жайық шұғыласы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сейтқалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Рысқалиев

  Аудан әкімдігінің 2017 жылғы "28" қыркүйектегі № 307 қаулысына қосымша

Махамбет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы айына (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ата-ана төлемақысының мөлшері айына (теңге)

Республикалық бюджет есебінен

Жергілікті бюджет есебінен

Балабақша

Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

Айына бір баланың тамағына шығын теңге (көп емес)

Бөбек жай

Бақша

Бөбек жай

Бақша

920

1060

27945

300

350

6000

7000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады