Махамбет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 138 "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 421 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 наурызда № 4611 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 маусымдағы № 149 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 28.06.2022 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының 2019 жылғы 16 қазандағы № 21-12/2806 хатына сәйкес Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Махамбет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 138 "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2801 санымен тіркелген, 2013 жылы 19 желтоқсанда аудандық "Жайық шұғыласы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2 қосымшаның 1 тармағындағы:

      4) тармақшада "100 000" сандары "60 000" сандарымен ауыстырылсын;

      5) тармақшада "100 000" сандары "60 000" сандарымен ауыстырылсын;

      6) тармақшада "100 000" сандары "30 000" сандарымен ауыстырылсын;

      7) тармақшада "100 000" сандары "30 000" сандарымен ауыстырылсын;

      қосымшаға сәйкес 8) және 9) тармақшаларымен толықтырылсын:

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (Б. Рахметов) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Құрманбаев
      Мәслихат хатшысы М. Мырзашев

  Махамбет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпаны № 421 шешіміне қосымша
  Махамбет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 138 шешіміне 2-қосымша

Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлері

Әлеуметтік көмек алушылардың санаттары

Атаулы күндер мен мереке күндері

Әлеуметтік көмектің мөлшері, теңге


8) "екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері)"

Жеңіс күні

30 000


9) "1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар"

Жеңіс күні

30 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады