"Махамбет ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Махамбет ауданы әкімінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 24 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 мамырда № 4648 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33, 37 баптарына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Махамбет ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен келісе отырып "Махамбет ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Махамбет ауданы әкімінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4337 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы:

      ""№ 227 сайлау учаскесі"

      Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Алмалы ауылы, Бейбітшілік көшесі, 3 үй, "Махамбет аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алмалы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Даңқ-1-9; Теңдік-1-25; Бейбітшілік-1-42; Сандуғаш-1-8; Жастар-1-14; Жас желек-1-31; Атырау-1-39; Көгалды алаң-1-12; Сары дала- 1-16; Жаңа құрылыс-1-51; К.Телеубаев-1-20; З.Шәріпов-1-21; З.Хисмеденов-1-11; Өзен жағасы-1-18; Е.Телеубаев-1-19; К.Сүтеев-1-21; М.Төлебаев-1-14; Ш.Жиенқұлова-1-6; Ғ.Құрманғалиев-1–9; Доспанбет жырау-1-3; Жәнібек хан-1- 5; Мұстафа Өзтүрік-1-3; Балуан Шолақ-1-7; Қали қыстағы-1-3; Сары Өзек елді мекені-1,2; Санаторий-1–11.

      "№ 228 сайлау учаскесі"

      Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Береке ауылы, Қ.Түсіпқалиев көшесі, 16, "Махамбет аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Береке орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: А.Сейдеғалиев-1-28; И.Қыдырғожин-1-12; Қ.Түсіпқалиев- 1-22; С.Мұхитова-1-41; Қ.Нұрпейісов-1-36; З.Тыныбеков-1-29; Береке ауылындағы бірінші көше-1-9; Береке ауылындағы екінші көше-1-7; Береке ауылындағы үшінші көше-1-6 тұрғын үйлері кіреді." алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Махамбет ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына (Н. Қалиев) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Махамбет ауданының әкімі Ж. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады