Исатай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 18 "Шектеу іс-шараларын бекіту туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы Исатай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 17 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 мамырда № 4655 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы " Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 10-10/25 ұсынысы негізінде Исатай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Исатай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 18 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4538 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Исатай ауылдық округінің әкімі А. Ғұбаш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады