Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 35 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 қарашада № 4786 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің 29.01.2021 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 10 қарашадағы № 11-10/273 ұсынысы негізінде Мұқыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұқыр ауылының "Сисенбек" шаруа қожалығының "Қарақұдық" қыстағының аумағында мүйізді ұсақ қара малдары арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қызылқоға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Мұқыр ауылдық округінің әкімі М. Есқалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады