Мұқыр ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 35 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 8 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 ақпанда № 4884 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 26 қаңтар № 11-10/21 ұсынысы негізінде Мұқыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұқыр ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 35 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4786 болып тіркелген, 2020 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Мұқыр ауылдық округінің әкімі М. Есқалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады