Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 28.06.2024 № 99-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8-бабына сәйкес Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Индер ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары айқындалсын.
2. Индер аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 ақпандағы № 349-V "Индер ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3471 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика, құқық қорғау және экология мәселелері жөніндегі комиссиясына (Ж. Амантурлин) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Доспаева |
Мәслихат хатшысы | Б. Сапаров |
Индер аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 қыркүйегі № 395-VI шешіміне қосымша |
Индер ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары
1. Индер ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және олардың шекті толу нормалары:
2. Индер ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны (пикеттеу, жиналыс және митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) немесе өтінішті (демонстрация және шеру нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен бірлесіп, іс-шараны өткізу тәртібін келісу үшін бір күн ішінде арнайы өткізу орнына келесідей сұрақтармен барады:
1) бейбіт жиналыстарды өткізу орнының материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуімен танысу;
2) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.
3. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының (бұдан әрі - Заң) 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет.
4. Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 150 метр арақашықтық шекарамен айқындалсын.