"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 6 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес Индербор кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Индер ауданы Индербор кентіндегі:
1) "Бейбарыс" тұйық көшесі - "Шиелі" атауы;
2) "Бертілеу Бозекенов" тұйық көшесі - "Жиделі" атауы;
3) "Мұхит Қалимов" тұйық көшесі - "Сейітқали Меңдешев" есімі;
4) "Қорғантау" тұйық көшесі - "Хиуаз Доспанова" есімі;
5) "Қайырғали Төленбаев" тұйық көшесі - "Талды" атауы;
6) "Мұрат Мөңкеұлы" тұйық көшесі - "Шәкәрім" есімі;
7) "Алғабас" тұйық көшесі - "Береке" атауы;
8) "Қаныш Сәтбаев" тұйық көшесі - "Нарын" атауы;
9) "Көктем" тұйық көшесі - "Достық" атауы;
10) "Көктем-2" көшесі - "Бірлік" атауы;
11) "Атырау" тұйық көшесі - "Сарайшық" атауымен қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі | А. Аймуратов |