"Ганюшкин ауылының шекарасын белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 228 бірлескен қаулысы мен аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 маусымдағы № 42-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 85 қаулысы және Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 495-VI бірлескен шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 наурызда № 4625 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Құрманғазы аудандық мәслихаты кезекті LІV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 228 және аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 маусымдағы № 42-VI "Ганюшкин ауылының шекарасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3570 санымен тіркелген, 2016 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бірлескен қаулы мен шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешім тақырыбындағы, 1-тармағындағы және қосымшасындағы "Ганюшкин" деген сөздер "Құрманғазы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасарына (Ж. Бектемиров) және Құрманғазы аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы М. Қуаншалиев) жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi

      Аудан әкімі К. Нуртаев
      Сессия төрағасы Р. Султанияев
      Мәслихат хатшысы Б. Жугинисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады