"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 02 қыркүйектегі № 12-11/126 ұсынысы негізінде, Орлы ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орлы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 27 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4662 болып тіркелген, 2020 жылғы 09 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауын өзіме қалдырамын.
3. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімінің міндетін атқарушы |
Г. Гумарова |