Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16-бабының 1-тармағы 9-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, 71-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 54-бабының 1-тармағына, 85-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Sozak Oil and Gaz" "Созак Ойл энд Газ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жерінде орналасқан жалпы көлемі 5,0 гектар жер учаскесіне, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан мұнай мен газды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жария сервитут 2020 жылдың 27 наурызына дейін белгіленсін.
2. "Sozak Oil and Gaz" "Созак Ойл энд Газ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ө. Шөкеев |
Қ.Қ. Айтмұхаметов | |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
Ж.Е. Аманбаев | |
С.А. Қалқаманов | |
М.И. Мырзалиев | |
Ұ.Қ. Тәжібаев | |
А.А. Абдуллаев | |
А.Б. Тасыбаев |
"Sozak Oil and Gaz" "Созак Ойл энд Газ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мұнай мен газды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жария сервитут белгілеу туралы" облыс әкімдігінің 2019 жылғы "___"_________ №_____ қаулысына