Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 41 "2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 22 шілдедегі № 151 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 22 шілдеде № 5727 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына, Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 49/510-VI "Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/472-VI "2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 41 "2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5450 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 2 наурызда жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері" қосымшасындағы:

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі" деген тарауындағы:

      "Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы" деген бөліміндегі:

      1.1 жол мынадай редакцияда жазылсын:

1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас

10 000

158 500

1 585 000,0

      ;

      3 жол мынадай редакцияда жазылсын:

3.

Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

бас

150 000

5 500

825 000,0

      ;

      4 жол мынадай редакцияда жазылсын:

4.

Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу

бас

225 000

6 639

1 493 750,0

      ;

      "Барлығы" жол мынадай редакцияда жазылсын:

Барлығы




6 355 150,0

      ;

      "Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері" деген тарауындағы:

      "Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы" деген бөліміндегі:

      1 жол мынадай редакцияда жазылсын:

1.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату

тонна

200

6 214

1 242 850,0

      ;

      "Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы" деген бөлімі мынадай мазмұндағы 2 жолымен толықтырылсын:

2

Сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басының және толықтыратын мал басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату

бас

120 000

2 083

250 000,0

      ;

      "Барлығы" жол мынадай редакцияда жазылсын:

Барлығы




3 294 850,0

      .

      3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      Қ.Қ. Айтмұхаметов
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Ж.Е. Аманбаев
      С.А. Қалқаманов
      М.И. Мырзалиев
      Ұ.Қ. Тәжібаев
      А.А. Абдуллаев
      А.Б. Тасыбаев

      "Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 41 "2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "___"_____________№_____ қаулысына

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады